| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлзат Барысқызы | |||
| 2. | Жібек Искакова | |||
Бұл өмірдің берілмей сындарына,
Қол жеткізген ғажайып жылдарына.
Дауылымен соқса да қатал тағдыр,
Иманауи орнатқан гүл бағына...!
Қайырмасы:
Асыл аға, жан аға, Серік аға,
Сейітқали сөзіне берік аға.
Сегіз қырлы, бір сырлы өнегелі,
Мақтанады өзіңмен елің аға!
Бойында рухани байлығы бар,
Жақсылыққа жайылған айдыны бар.
Елім деген жүрегі, иман жүзді,
Шүкірлікпен өткізер ай, күні бар...!
Қайырмасы
Құрмет тұтар елінің Төбе биі,
Толғандырар қазақтың көне күйі.
Спорттың да шебері, ардагері,
Имандылық әр жанға берер сыйы...!
Қайырмасы