| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Есбол Керей | |||
Туған жер десе, ән сап кетемін,
Айтылса-дағы неше сын.
Қаладан кейде шаршап кетемін,
Ауылдың аңсап көшесін.
Қайырмасы:
Сананы ойлар сабылтқан кезде,
Бауырға айтқым келеді.
Қаладан мынау, жалыққан кезде,
Ауылға қайтқым келеді.
Асығып жетсем бауырға басар,
Қолыңда барға қарамай.
Жақсының бәрі ауылда жасар,
Пейілі дархан даладай.
Қайырмасы
Болатын жасқа, қартына үлгі,
Шығады дана бұл елден.
Жақсының бәрі ауылда сынды,
Құшағы ашық, білем мен.
Қайырмасы