| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жұмагүл Байділдаева | |||
| 2. | Қайрат Ағыберген | |||
Жайдары жарқын жаңа жыл келді,
Жаңа жыл келді қуантты елді.
Ақ қырау бақтар,
Жамылды ақ қар,
Арала бақыт ақ ұлпа белді.
Қайырмасы:
Жаңа жыл келді шаттығын шашып,
Шаттығы мейрам бақыты нәсіп.
Жұлдызды түндер,
Ақ қанат әндер,
Көңілім толқын тулады тасып,
Өмірге ғашық.
Қар жауды қалың ақ ұлпа дала,
Аққала жасап ойнады бала.
Шулайды көшем,
Айнала әсем,
Ақорда арман әз әппақ қала.
Қайырмасы