| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Самат Сыпатайұлы | |||
| 2. | Қайролла Нұрмаханов | |||
Киелі мекен Құндызды,
Ұшырған талай ұл-қызды.
Жастармен жайсаң жасарып,
Ауылым жайнап құлпырды.
Қайырмасы:
Құндызды туған мекенім,
Өзіңе тағзым етемін.
Аман бол елім жайлаған,
Жүрекадырдың, Жүрекадырдың етегін.
Адырдың тауы еңселі,
Сағынып тұрам мен сені.
Құт қонған өлке деп айтады,
Бауырыңдағы ел сені.
Қайырмасы
Әр таңың қызыл арайлы,
Көк қиақ, қурай маңайы.
Ауылды жарып қос өзен,
Жазыққа төмен тарайды.
Қайырмасы
Тоғайдан бұлақ сарқылмас,
Айнала биік жақпар тас.
Ақтаудың шықпай шыңына,
Сағыныш көңіл басылмас.
Қайырмасы