| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
| 2. | Есбол Керей | |||
Сонау, бір бала шақтарда,
Маусым ба, әлде, ақпан ба?
Құс біткен шулап жатқанда,
Мен жақсы көрген шығармын.
Көк көйлек киген көктемде,
Көбелек гүлді өпкенде,
Самал жел желпіп өткенде,
Мен жақсы көрген шығармын.
Балауса белдер, көк белдер,
Жауқазын өскен бөктерлер.
Қауышса сонда көк пен жер,
Мен ғашық болған шығармын.
Жаз ба еді, әлде, күз бе еді?
Құстар да қайтқан түздегі.
Іздеген кездер сіз мені,
Мен сүйіп қалған шығармын.
Адырлы ауыл, шатқалдар,
Сырымды мәңгі сақтаңдар,
Біз жазған қанша хаттар бар,
Мен солай сүйген шығармын.