| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Самат Сыпатайұлы | |||
| 2. | Әубәкір Дастанұлы | |||
Оян түрік! Көтер басты! Текті атаның ұлдары!
Алтай, Тұран, кең далада өткен ғасыр, жылдары.
Ерлігімен елін қорғап, байтақ жерді мекендеп,
Күресіпті туған халқын шын бақытты етем деп.
Ата-баба өсиетін еске алдық па, білдік пе?
Күлтегін мен ер Тонұқұқ шақырды елді бірлікке.
Бұл қос дана өшпес өлмес сөз қалдырған артына,
Тасқа қашап жазып кеткен өсиетін халқына.
Тыңда түрік! Оян түрік! Оянатын күн жетті!
Әрбір түрік дүр сілкініп оянуға міндетті!
Тыңда түрік! Оян бәрің! Алты Алаштың баласы!
Басқа ел қандай тірлік еткен, айналаңа қарашы!
Оян түрік дүниенің төрт бұрышына тараған!
Тағдыр айдап елден безген, жерден безген әр адам!
Түріктің шын ер екенін күллі әлемге бір ұқтыр!
Оян түрік! Тегіңді тап! Кел, басыңды біріктір!