MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Сені іздеймін әке
Әннің атауы
Әннің атауы:
Сені іздеймін әке
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№78, 13 қараша 2025 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Ермек Қожахметұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Өмір зулап өткенмен,

Ұмыта алмай іздеп жүрмін өзіңді.

Қайта оралмас өтіп кеттің өткелден,

Амал қанша көре алмаймын жүзіңді.

Оралмадың жанардан жас төккенмен,

Қимастықпен үмітім де үзілді.

Саған деген сағынышым өксік боп,

Өзегіме өкініш боп тығылды.

 

Қайырмасы:

Әкешім, жердесің бе, көктесің бе,

Көзіме көрінбейді елесің де.

Кей күні аласұрып түніменен,

Сені іздеймін көз ілмей сенесің бе.

Сені іздеймін көз ілмей сенесің бе,

Арғы жақтан сен мені көресің бе.

Көзден аққан жасымды көріп тұрсаң,

Тым болмаса бір белгі бересің бе.

Шарасыздан басымнан сипай алмай,

Әлде артымнан көрінбей ересің бе.

 

Естелік боп өткеннен,

Өтті талай жарқын күндер өзіңмен.

Бүкіл әлем бар шуағын төккенмен,

Бойға жетер күш алушы-ем өзіңнен.

Уақыт сырғып жылдар өтіп кеткенмен,

Сағыныштан жас тамады көзімнен.

Өкініштер сыздағанда өкпемнен,

Жоқтығыңа шыдап келем төзіммен.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2025. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика