| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ерғали Абдулла | |||
| 2. | Ғайния Дауылбаева | |||
Сарыарқа төсінде байтағым,
Әр күні шаттықты байқадым.
Домбыра күйіне күй қосып,
Ән қылып, жыр қылып айтамын.
Қайырмасы:
Көркіне көз тоймас жас қала,
Қазаққа ақ орда бас қала.
Әлемде тең келмес еш қала,
Астана, Астана, Астана!
Ақ толқын шабытым шалқыған,
Жүрегім шаттанып толқыған.
Есілдің төсінде тербелер,
Аққанат аққулар қалқыған.
Қайырмасы
Ерекше көреді ел сені,
Көтерер бәйтерек еңсені.
Жаһанда тамсанса бар халық,
Теңеймін жұмаққа мен сені.
Қайырмасы