| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Болат Нұралин | |||
| 2. | Әли Ермекұлы | |||
Жетіарал – ақ боз үйлі басты ордам,
Үзе алмас тамырыңды тасқын алуан.
Жәннаты жұмыр жердің – өзің ғана,
Ел-жұртың қанатының астына алған!
Күн атса, күрең түске боялатын,
О, неткен атамекен – аялы атың!
Аққудың әніменен тербетіліп,
Жусанның жұпарымен оянатын…
Жанарын буаз бұлтқа бұлап алып,
Арқырап ауыл маңы тұрады анық.
Қанипа қасқалдағын жоқтауменен –
Қандысу, жатырмысың жылап ағып?
Балалық шағым қалған – сақи мекен,
Қырында қозы бағып, ат үйретем.
Жетіарал, сенде өткен сұлу күндер –
Жұмақта өткен сәтке татиды екен!