| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Азнабай Тәшімов | |||
| 2. | Бердібек Дәулетбекұлы | |||
Сұлу қыздың бәрі де, қазағымда,
Сол қыздардың бәрі де, арамызда.
Хор қыздарын көргендей боласыздар-ей,
Қарасаңыз қазақтың, қыздарына.
Қайырмасы:
Е-ей, қазағымның қыздары-ай,
Тәттілігі... құрмадай!
Сұлу бейне томпиған, беу...
Ай, қыздар-ай, қыздар-ай!
Сұлулардың сұлуы, қазағымда,
Алтыннан алқалары мойнында!
Қазағымның қыздары, бәрі сұлу-ей,
Жігіттер, қараңыздар. қыздарыма!
Қайырмасы
Қыз-жігіттің бәрі де, қазағымда,
Көңілдері бәрінің жоғарыда.
Нағыз қызық тамаша, басталады-ей,
Қыздар менен жігіттер жиналғанда.
Қайырмасы