| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жібек Искакова | |||
| 2. | Жұпаркүл Бекшораева | |||
Ағайыннан бөлек тұрар бір төбе,
Нағашымның жолы үлкен, мәртебе.
Әр уақытта табылатын қасымнан,
Нағашылар қуанышты сәт бере!
Қайырмасы:
Е-е-е-ей,
Нағашылар – жарық сыйлар күн, айым,
Ән-жырыммен жан жылуын құрайын.
Сіздерсіздер той төрінде отырып,
Келтіретін жиендердің шырайын.
Нағашылар биік әр кез есімің,
Жиендерге айқара ашар есігін.
Сіздер барда жабырқамас жанымыз,
Тербететін жанның жарқын бесігін.
Қайырмасы
Жиендерден болсын әппақ тілегім,
Шын жүректен Сіздерге бақ тіледім.
Нағашылар көшті бастап жүрші аман,
Сіздер үшін әппақ менің жүрегім!
Қайырмасы