| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
Шіркін-ай, күлкің қандай, күлкің қандай?!
Сен күлсең, жүрегіме жыр тұнғандай.
Алыстап кеткеніңді біле тұра,
Саусағын созып сезім ұмтылғандай.
Шіркін-ай, көзің қандай, көзің қандай?!
Сол көзге ғашық болған өзім қандай?!
Бір бола алмасымды сезіп тұрып,
Соңғы рет айтылмаған сөзім бардай...
Шіркін-ай, жүрек қандай, жүрек қандай!
Жүректе өшпей қалған бір от бардай.
Білсем ғой, саған қалай жетер жолды,
Жүрсем ғой, білегіңнен білекті алмай.