MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Шырқа Семей мәңгілік
Әннің атауы
Әннің атауы:
Шырқа Семей мәңгілік
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№81, 10 қаңтар 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Дәмеш Омарбаева
2.Самат Сыпатайұлы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Әнмен жырдың Отанысың қазыналы Семейім,

Қайталанбас тұлғалармен асқақтаған мерейің.

Алаулатып ұлы өнердің отын жаққан мәңгілік,

Қас өнерпаз тарландарға жырдан шашу төгейін.

 

Қайырмасы:

Жайна Семей, сайра Семей,

Жәнібек пен Болат боп,

Теміржан мен Тұрсынғазы, Мәдениет, Санақ боп,

Келденбай мен Мейрамбек боп,

Нүриден мен Дауыл боп,

Ән атасы – Әміре боп,

Шырқа Семей мәңгілік!

 

Семей десе елеңдеген кең дүние, бар ғалам,

Қасиетті баба руһы бар ғаламды шарлаған.

Даналықтың дәнін еккен топырағына киелі,

Абай, Мұхтар, Шәкәрімдер бар ғұмырын арнаған.

 

Қайырмасы

 

Семейімде тербетілген ұлылықтың бесігі,

Ашылғандай кең дүниеге ғажайыптың есігі.

Ұлағатты ғұмыр кешкен өзіңде өмір сүргендер,

Ұмытылмас Рақымбек, Бекен, Оразғали есімдер.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026. MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика