| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Абдрахман Әріпұлы | |||
| 2. | Алтыншаш Жақиянова | |||
Ақсуатын аузынан тастамайтын,
Ақынымын арқалы Қапшағайдың.
Қадір тұтқан құрметті азаматы,
Той-жиынын өзімсіз бастамайтын.
Қайырмасы:
Алтыншашпын, төркінім Түркістанда,
Толғанамын кеудемді жыр қысқанда.
Қуаныштың куәсі боп отырмын,
Не жетсін жүрегіңді нұр құшқанға.
Ақсуаттың келіні – Алтыншашпын,
Жатпен-дағы жақындай жарқылдастым.
Өлең – өзен, өзенім – өлең болса,
Ешқашан да таусылып, сарқылмаспын.
Қайырмасы
Немересі Сәтберген қарияның,
Қиядан су шығарған дария қып.
Әкем – Жұман темірден түйін түйген,
Ұрпағымын осындай жанұяның.
Қайырмасы