| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Мұхан Байбосынов | |||
Естелік болып өткенім,
Өзіңмен бірге көктедім.
Өзіңде өтті қыс-жазым,
Шуақты небір көктемім.
Құшағым толып гүлдерге,
Жырымды төктім мінберде.
Жетпейді екен ешнәрсе,
Өзіңде өткен күндерге.
Қайырмасы:
Қонаев – ғажап мекенім,
Жырыммен өрдім от-өрім.
Жыраққа кетсем сағынып,
Асығып-аңсап жетемін.
Көк көлің жатыр көлбеген,
Айдынын самал тербеген.
Өзіңде шабыт туындап,
Бойымды өлең кернеген.
Думанды қалам, құм қалам,
Өзіңді талмай жырлағам.
Сыйлаған шабыт толқының,
Қымбатсың аса бір маған.
Қайырмасы