| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
Аузына елді қаратқан,
Қолдаған дәйім Жаратқан.
Қазақтың атын дәріптеп,
Жер жүзіне таратқан.
Сөйлесе, Димаш сөйлесін!
Қазақтың туған бағына,
Кіргізген әнге мағына,
Бағынды оған таң қалып,
Әлемдік барлық сахна.
Ән салса, Димаш ән салсын!
Сөйлейді еркін бүгінде,
Меңгеріп шетел тілін де,
Тілмаш дейтін маманның,
Етпейді керек бірін де.
Мақталса, Димаш мақталсын!
Талабы таудай асқарлы,
Сөзі мен ісі жоспарлы.
Танылса дейді, арманы,
Әлемге қазақ жастары.
Қолдасын, Димаш жастарды!