| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ардақ Игенова | |||
Махаббаттың әлемінде шарықтап,
Іңкәр сезім биігінде қалықтап.
Айдын көлдің аққуындай жарастық,
Тағдырымды бір өзіңе табыстап.
Қайырмасы:
Таңғы шықтай мөлдіреген арым сен,
Гүлзар бақтай гүлдендірдің жаным сен.
Жүрегімнің иесісің мәңгілік,
Аялаған асыл жарым – бағым сен.
Үмітімді үкіледің, ғашығым,
Көңіліңнің көгінде мен тасыдым.
Күндер ғажап, бақыттымын өзіңмен,
Қол ұстастық пәк сезіммен, асылым.
Қайырмасы
Бүршік атып, бұлқынады тәтті мұң,
Сағынышқа оралғандай жастығым.
Сағым болып артта қалды сол күндер,
Жұлдызымдай жарқырай бер, шаттығым!
Қайырмасы