| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Жанатбек Сәденов | |||
Шеше орнына шешемсіз,
Әке орнына әкемсіз.
Бала-шаға аман боп,
Еңбегіңіз өтелсін.
Біздің үлкен әпкемсіз,
Мерейтойға жеткенсіз.
Ақыл сұрап сан мәрте,
Алдыңыздан өткенбіз.
Келсе-дағы қату күз,
Жездемменен татусыз.
Басқарасыз отанды,
Бәрін шешіп ашусыз.
Үш келінге енесіз,
Соларменен өнесіз.
Әлі күнге біздерге,
Ақыл айтып келесіз.
Бірге туған қыздармыз,
Бес жігітке біз жармыз.
Көмек керек болғанда,
Сіңлілерің біз бармыз.
Бірге тумақ болса да,
Бірге жүрмек жоқ екен.
Аман болсын ұл-қызың,
Арта берсін берекең!