| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Мәриям Айғалиқызы | |||
Шәкірттеріне қозғайтын ойын тереңнен,
Қинала жүріп алғысына елдің бөленген.
Кетпен көтеріп қазбады жерді демесең,
Ұстаздық ауыр, ұстаздық ауыр дегенмен.
Қайырмасы:
Шаршайды қажып, үйінде қалып сан ісі,
Күтетін қонақ, оның да бар ғой танысы.
Бір сәтке тоқтап, тоқырауыңды кешпейді,
Білімнің асау, білімнің асау ағысы.
Еңбегі сіңген қаншама сара ұстаз бар,
Шәкірттерімен өтеді бірге қыс-жаздар.
Дайындап жатқан болашақ азаматтарын,
Аман болсыншы, аман болсыншы ұстаздар!
Қайырмасы
Білместікпенен кешірер жолын кескенін,
Марқайып қалар шәкірттің көріп өскенін.
Төл мерекелерің құтты болсыншы бүгінгі,
Қымбатты менің, қымбатты әріптестерім.
Қайырмасы