| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Әділет Жақиянов | |||
Күн сайын Қапшағайым құлпырасың,
Жан сала жаңалыққа ұмтыласың.
Сабырлы қалпыңнан бір жалыққандай,
Арнаңа сыймай кейде бұлқынасың.
Қайырмасы:
Қапшағайым,
Көлбеген көк теңіз төсіндегі,
Бұл бейнең көп қаладан көші ілгері.
Теңізден күн шыққанда көтеріліп,
Сол күнді шағалалар кетеді іліп.
Аспан көк, айдын да көк, көк әлемге,
Бір келіп сауық-сайран етеді жұрт.
Қайырмасы
Көлбеген көк теңіздің төсіндегі,
Қапшағай көп қаладан көш ілгері.
Бүгінгі қырық жылдық мерейтойда,
Керек-ақ Қапшағайдың көсілгені.
Қайырмасы