| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Мұрат Сатов | |||
Күттің бе екен балапаныңды,
Сағындым әже алақаныңды.
Өзің – қуат беретін,
Сезім – шуақ төгетін,
Саған табынам, әже!
Кетпейді естен күлімдегенің,
Басымнан сипап күнім дегенің.
Ертек, жұмбақтарыңды,
Күле тіл қатқаныңды,
Жүрмін сағынып, әже!
Ірімшік, айран, таба наныңды,
Сағындым қаймақ жалағанымды.
Тәтті балқаймағыңды,
Тосқан балдай дәміңді,
Аңсап қамығам, әже!
Мейірім төккен шуағың – нұрың,
Әжетай, сені сағынып жүрмін.
Мәңгі сағынышымсың,
Менің бағым үшін шын,
Өмір сүргенсің, әже!