| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марияш Қапизқызы | |||
Ақ қанат сезім себелеп,
Ақ жауын болып төккенде.
Қызғалдақ гүлін ұсынып,
Келер деп күттім көктемде.
Қайырмасы:
Сағыныш сазы үзілмей,
Сөндірмей шоғын үміттің.
Қайдасың, қайда ардағым?
Келер деп сені,
Келер деп сені көп күттім.
Сағынтқан тағы күз келді,
Жанарға мұңлы шықты ілген.
Құстар да кетті қоштасып,
Сонда да тұрып күттім мен.
Қайырмасы
Жанымды тербеп сан сұрақ,
Үзігін жалғап үміттің.
Сөндірмей жүрек жалынын,
Сағына сені көп күттім.
Қайырмасы