| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Жібек Искакова | |||
| 2. | Жұпаркүл Бекшораева | |||
Жанның жұмсақ мақпалы,
Шырқалатын бақта әні.
Ақ жауындай дем берер,
Жас буынға бақтағы.
Қайырмасы:
Көңілі көктем,
Күлім көз көркем
Жанашыр, жан асыл,
Бұл – менің әпкем.
Бұл – менің әпкем,
Жылуын төккен.
Жүзі жылы, жанары,
Көңіліңді табады.
Сырлы әлемі әдемі,
Сені баурап алады.
Қайырмасы
Туыстардың арайы,
Көктемдей жан сарайы.
Жаратқаным қолдаған,
Жанынан нұр тарайды.
Қайырмасы