| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Роза Есенгелдиева | |||
| 2. | Санжар Ғұлама | |||
Келші досым, шырқа, шынық!
Жүрек тұрсын жырға тұнып.
Кел әніміз әуелесін,
Кел билейік ырғатылып.
Қайырмасы:
Жадырасын жанымыз да,
От ойнасын қанымызда.
Көрікті боп әр кешіміз,
Нұр ойнасын таңымызда.
Бақыт атқан әр таңымыз,
Күліп ғана қарсы алыңыз.
Бақыттымын деп жаһанға,
Жар салыңыз, жар салыңыз.
Қайырмасы
Келші досым, көңіл көтер,
Қиыныңды жеңілдетер.
Қаспен көздің арасында,
Өмір өтер, өмір өтер.
Қайырмасы
Шынықтырсын беліңді би,
Тұнып тұрсын көңілді күй.
Өзін сүйген жайсаңдарым,
Өмірді сүй, өмірді сүй!