| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Болатқали Әмірханов | |||
| 2. | Жамбыл Жұманбаев | |||
Тана мырза атанып заманында,
Ерлігімен еліне болған тұлға.
Бой көтеріп, төрінен Ақсуаттың,
Орнатылды ескерткіш сендей ұлға.
Қайырмасы:
Ұрпаққа үлгі, әулие Тана мырза,
Тана мырза, еліне пана мырза.
Еркіндік пен ерлікті ел бағалап,
Дараланып тұрсың сен дана мырза.
Еркіндік пен ерлікті ел бағалап
Дараланып тұрсың сен Тана мырза.
Ақылы асқан, мырзалық салтанатпен,
Медресе, мешіт сап ақ тілекпен.
Егін егіп Қарғыба қойнауына,
Құт пенен бақ халқына қатар жеткен.
Қайырмасы
Ұрпағы бар Кәкендей есіне алған,
Жүзеге асқан асқақ ой, үлкен арман.
Мырзалық,алғырлыққа ұласқанда,
Қалың ел разы боп тосқан алдан.
Қайырмасы