MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Әннің атауы
Әннің атауы:
Анашым
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№83, 22 ақпан 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Роза Қарымсаққызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Сен қайтқан күн шаңырақтан нұр көшкен,

Балалықтың базары да бірге өшкен.

Жеті бала жетім қалған артыңда,

Бір-біріне сүйеу болып бірге өскен.

Біз есейдік абыройыңды төкпедік,

Ешбір ала жіптен  аттап  өтпедік.

Үйлі-жайлі, ұрпақты боп анашым,

Өзің берген тәрбиемен көктедік.

 

Қайырмасы:

Елестейсің алыс қалған күндердей,

Түсіме де жүрсің ана-ау бір келмей.

Ризашылық айта алмадым тіріңде,

Бір көйлек те кигізуге үлгермей.

 

Сағынышпен өтті түнім, күнім де,

Айтылмаған мың алғысым тілімде.

Ұл қыз сүйіп, немерелер өсірген,

Балғын қызың әже болды бүгінде.

Әз атыңды тербетемін ән қылып,

Естелігің санамда тұр жаңғырып.

Сенің бейнең ұмытылмас анашым,

Сақталады жүрегімде мәңгілік.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика