| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
Құрдастарым асыпты-ау жетпіс жастан,
Аяқтарын абайлап жәйлап басқан.
Бәріңіз де, ата боп қартайдыңдар,
Бақыт бар ма, дәл қазір мұнан асқан?
Қайырмасы:
Пәк сезім мен, ақ көңіл иелері,
Нәзік жанның сендер ғой сүйенері.
Жақсы көріп тұрса да, айта алмайтын,
Жігіттері ол кездің ұяң еді!
Менен аулақ жүрдіңдер, неге бәрің?
Біріңе де, мен солай бұйырмадым.
Құрдастарға, бір, қылтың-сылтыңы жоқ,
Кеш те болса, арналды әзіл әнім!
Қайырмасы