| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
Өмірдің базарында, аңсап бақыт,
Өнерді ескеруге болмай уақыт.
Жастық шақ өткенімен қас-қағымда,
Ән-жырдан, кеш те болса, тердім жақұт.
Қайырмасы:
Барында бойда қуат жалын күшім,
Жүрекке саз тербеген бағындым шын.
Шәмші аға ақ батасын, берген маған,
Мен сауға сұрамаймын, әнім үшін!
Әр әнім көгершіндей қолдан ұшқан,
Жүрекпен қабылдап жұрт, таңданысқан.
Қазақтың бір қызымын елін сүйген,
Осылай ән тудырған толғаныстан.
Қайырмасы
Жөңкілген уақытпенен бірге көшем,
Жайқалып, мен өнердің бағында өсем.
Әз халқым, әнді сүйер өзің барда,
Сіздермен, тек бақытты ғұмыр кешем!
Қайырмасы