| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
| 2. | Маусымжан Диханбаева | |||
Махаббатты жырлауменен өтермін,
Сені ойласам жүрегімнен кетер мұң.
Саған іңкәр сезімімді сездіріп,
Бал бақыттың мекеніне жетермін.
Сеземісің саған жаным ғашықпын,
Сені іздедім саған қарай асықтым.
Боз ала таң қауыз жарған ақ гүлдей,
Сағыныштың ақ моншағын шашыппын.
Қайырмасы:
Ғашық болдым бір өзіңе мәңгіге,
Бізге тағы сәуле төкті таң міне,
Сенсіз айдын аққуы жоқ көріксіз,
Сенсіз маған махаббат бос әңгіме.
Саған арнап айтар әнім көп мүлдем,
Таңдап алдың кімді жаным шоқ гүлден.
Сен қолыңды маған қарай созғанда,
Оттай лаулап жалынға ұқсап кеттім мен.
Сен сыйладың жан сарайы гүл бағын,
Гүл бағыңда бұлбұл үнін тыңдадым.
Іңкәр сезім қанатынан төгілген,
Жібек нұрға балқып менің тұр жаным.
Қайырмасы