| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
Есіңде ме, сол бір кез, өткен күндер?
Ойға кетсем, жанымда көктем гүлдер.
Көшкен күнде өшпейтін мұңым қалды,
Өткенді бер, жылдарым, өкпемді бер.
Оралғандай жылдар сап аралыққа,
Өткен күннің белгісін таба алдық па?
Тек, махаббат іздедік алып-ұшып,
Жастық болар, жоқ, әлде, балалық па?
Оралушы ем, еркелеп білегіңе,
Төбемізден төнетін түн еміне.
Сені сүйген, күнә жоқ жастығымда,
Сені сүйген, өкпем жоқ жүрегіме.
Кездерім-ай, күнәсіз елжіреген,
Обалыңды іздейін енді неден?
Сендей маған мөлт сезім оралар ма,
Ауыл түні сияқты мөлдіреген...