| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлхан Айтақынқызы | |||
| 2. | Марат Жолдыбаев | |||
Туған жер атамекен,
Жүрегім сен деп соғады.
Төзімім тастан бекем,
Сағыныш от жыр лаулап.
Жер жәннат арман белге,
Гүл терген балдырған кез.
Туған жер өскен елге,
Сағынып келем әр кез.
Ұнатам қоңыр күзді,
Самалы өпкен беттен.
Сәнімен тізбек тізді,
Ұшқан құс ән сап көктен.
Жауының ақ нөсерің,
Жаныма жақын әр кез.
Сағынып жыр етемін,
Махаббат жалынын сез.
Күз ана егізіңмін,
Табиғат болмысыммен.
Ақ нөсер жаңбырыңмын,
Көк теңіз толқыныңмен.
Анашым алып келген,
Сарша күз жыр жанымын.
Шалқыған толқып ерен,
Сағыныш сырлы әнімін.
Туған жер әппақ гүлмін,
Бауырыңа ұялаған.
Перзентпін ән боп бүгін,
Жыр алау аялаған.
Тұлымы желбіреген,
Құлын қыз бір кездегі.
Арман көш өмір легі,
Жүр бастап кемелерді.