| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Айгүл Жұмаділ | |||
| 2. | Роза Есенгелдиева | |||
Ойыңнан бір сәт шығарма,
Өнсін деп сонда гүл ектім.
Кеудеңде соққан сыңарға,
Лүпілі сыңар жүрекпін!
Мың әсем нұрға боянсам -
Сендегі таза сезіммін.
Мені ойлап оян оянсаң,
Мені ойлап кеште көз ілгін.
Жай ғана, жаным, құп алсаң,
Айналам көкте күн, айға.
Мені ойлап қуан қуансаң,
Мені ойлап бірақ мұңайма.
Жаттап ал осы өлеңді
Жүрекке жазып қойғандай.
Тіршілік етпе сен енді -
Мен жайлы бір сәт ойланбай!
Ақылды салмай араға,
Мен енді, сен, сен, сен, деймін.
Толқындай соққан жағаға,
Жаныңа маза бермеймін.
Мені ойлап оян оянсаң,
Мені ойлап кеште көз ілгін.
Мені ойлап қуан қуансаң,
Мені ойлап бірақ мұңайма.