MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Әннің атауы
Әннің атауы:
Өмірді сүйем
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№85, 5 мамыр 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Матқұлбек Маясаров
2.Қайрат Сағынтаев
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Өмірді сүйем, түңіліп кейде кетсем де,

Өмірді сүйем, беріліп мұңға шөксем де.

Өмірді сүйем, армандарымнан адасып,

Мақсаттың сан мың азына ғана жетсем де.

 

Қайырмасы:

Өмірді сүйем, күндерге алғы қарайлап.

Өмірді сүйем, бұйыртпаса да сарай бақ.

Өмірді сүйем, жетсе деп қолым бақытқа,

Шаттық күн мүмкін алдымнан атар арайлап!

 

Өмірді сүйем, кетсем де кей сәт мүжіліп.

Өмірді сүйем, тұрмағанымен түзіліп.

Өмірді сүйем, болса да жолым тым ауыр,

Қырқылып қиял, үміттерім мол үзіліп.

 

Қайырмасы

 

Өмірді сүйем, ішіме сақтап сырымды.

Өмірді сүйем, кешсем де ырың-жырыңды.

Өмірді сүйем, өтірік жұртқа күлімдеп,

Жасырып қалып екінші мұңды қырымды.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика