| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
Неге жаным, неге өзіңмен кездестім,
Кездеспесем мұнша мұңды сезбеспін.
Сен сияқты маған ешкім ыстық боп,
Мендей сені сүйе алмайды өзге ешкім.
Қайырмасы:
Білмеймін ғой, ұнатармын, ұнармын,
Қайдан үйір болды дейсің сыңар мұң.
Сені сүю – аяқталмас поэма,
Поэманың кейіпкері шығармын.
Сендей мені түсіне алмас еш пенде,
Дейсің маған, сын-тағдырға дес берме.
Мені сонша ойлайсың ба, мықты деп,
Бүк түсемін жолымды дос кескенде.
Қайырмасы
Неге, неге , неге жаным жолықтың?
Жанарыма қалды содан толып мұң.
Көздеріңнен көріп ем ғой, бір ұшқын,
Өзге көзге қарауға да қорықтым.
Қайырмасы