| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Зікіра Қожаев | |||
| 2. | Роза Есенгелдиева | |||
Ән кешінде қонақ етіп шақырған,
Мен өзіңмен ойда жоқта жолықтым.
Жиындарда танысқалы жақыннан,
Кездесуге асығатын болыппын.
Қайырмасы:
Ойлай берем өзің жайлы,
Адам күні адамменен.
Ешқашанда басылмайды,
Сағынышым саған деген.
Одан бері желдей зулап, зымырап,
Күндер өтті, айлар өтті, жыл өтті.
Әзілдесіп, күлімсіреп, жадырап,
Болмысыңмен жаулап алдың жүректі.
Қайырмасы
Пәк сезімім бара жатыр тереңдеп,
Ұнап қалдың қылығыңмен, патшайым.
Күндіз-түні іздей берем елеңдеп,
Сені, әйтеуір, сағынамын сәт сайын.
Қайырмасы