| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
Жаным дейсің, жан дейсің, жаңылмайсың,
Сеніп қалам, тек сені бағымдай шын.
Бірақ, неге, есімнен шықпай жүрсің,
Бірақ, неге, қасымнан табылмайсың?
Қайырмасы:
Гүлім дейсің, айналып келесің де,
Кетем сосын өткеннің елесінде.
Сені неге, кешіре береді екем,
Сенсіз өмір жоқ сынды, сенесің бе?
Айым дейсің, нұрыңды төгердей боп,
Үміттегі қалғанда сөнердей от.
Неге, осы алданып қала берем,
Сүю деген осы ма, өлердей боп?
Қайырмасы
Жанарыңнан махаббат төгілдіріп,
Жалт қарасаң, алаулап көрінді үміт.
Аманаттап бергендей бұл сезімді,
Жүрегімде келеді өмір сүріп.
Қайырмасы