| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марияш Қапизқызы | |||
| 2. | Набиолда Кемешов | |||
Өмір деген ұлы жорық сынаған,
Біреу жетіп, біреу жетпей құлаған.
Бұл өмірдің қызығына тоя алмай,
Жер бетінде өмір сүріп жүр адам.
Қайырмасы:
Қарайлама артыңа сен алға жүр,
Бақыт деген құс басыңа қонған бір.
Берік ұста, сенімді бол өзіңе,
Туған елді жақсылықпен таң қалдыр.
Өмір-өзен толқып ағып барады,
Арнасына сыймай соғып жағаны.
Бабаларың жүрген қилы жолдармен,
Өмір деген құнын білсең бағалы.
Қайырмасы
Қызығы бар қуанышпен жалғасқан,
Бақыты мен қайғысы бар алмасқан.
Өмір деген шешімі жоқ сан сұрақ,
Талай жандар жолын таппай адасқан.
Қайырмасы