| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Айбол Қожахметов | |||
| 2. | Ермек Қожахметұлы | |||
Ана тілім өлең терме,
Шырқалатын өлеңдерде.
Қазақ тірі тұрған кезде,
Ана тілім өле көрме.
Рух беріп жүректерге,
Самғай түсші биік өрге.
Қуғын көрген қайран тілім,
Көрінші тек биіктерде.
Сен өлмейсің сен мәңгісің,
Тілдің рухы жүректерде.
Тілсіз рухты өлі дерсің,
Өлер ұлттың көрі шексіз.
Келімсегі кердеңдеген,
Тілсіз жұрттың төрі тексіз.
Бұны өлеңде қалай дерміз,
Тілі жоқ ел өлі теңіз.
Көкжал арлан бөрілерміз,
Неге біздер бөлінеміз.
Тіл деп бүгін ту көтерсек,
Хантәңірдей көрінеміз.
Ана тілді аялаңдар,
Ей қазақтар абайлаңдар.
Тілімізді менсінбейтін,
Мәңгүрттермен надандар бар.
Тілімізді қорламасын,
Тілімізге қарайлаңдар.
Тіліміз ғой тірегіміз,
Тілімізді аялаңдар.
Тіліміз ғой тірегіміз,
Тілімізді аялаңдар.