| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Гүлнар Рақымжанқызы | |||
Сен бақытты шығарсың...
Бақыттымын...
Еңсердік ғой, салса да уақыт жүгін.
Жүрегіммен сағынып кетемін де,
Жанарымнан үземін жаһұт нұрын.
Қайырмасы:
Біз екеуміз тағдырлы драмамыз,
Бақытты һәм, бақытсыз сыбағамыз
Мүмкін біздің әдемі сезімдерден,
Бәз біреулер айтар-ау, құрап аңыз.
Біздер сәтсіз жазылған драмамыз..
Қайран күндер барады жырақ қалып,
Сағынамын күліп те, жылап та алып.
Бәйшешекке ұқсайтын тағдырым бар,
Жылылыққа ұмтылған құлақтанып.
Қайырмасы
Біз екеуміз сезімді қадірледік,
Мұңайдық та, жұбандық, әзілдедік.
Шіркін, сол бір жастығым қайтіп келсе,
Кетер едім соңыңнан, қазір де еріп.
Қайырмасы