MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Қазақ аналарының даналығы
Әннің атауы
Әннің атауы:
Қазақ аналарының даналығы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№86, 10 маусым 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Әйел-ана тұтқа болған ғаламға,

Қайсарлығы бастар ерлік қадамға.

Елім-ай деп елін, ерін қолдады,

Қиын-қыстау небір қилы заманда!

Бейімделген, батырлық пен төзімге,

Ұшқын ойнап, үміт сөнбей көзінде!

Құтқарыпты, қызын емес, бір ұлын,

Ұлт қамы үшін, ашаршылық кезінде.

 

Қайырмасы:

Ұрпағым деп әлпештеген баланы,

Сан ғасырға аналар жол салады.

Байлықпенен өлшенбейтін еңбегі,

Ана аты адамзатқа бағалы!

Мойымаған қиындықтың бәріне,

Құрметтеңдер ардақтаңдар, ананы!

 

Артқа тастап жоқшылықты жеңді де,

Қадам басты келер күнге сенді де.

Аналардың еңбегінің арқасы,

Алып шыққан тоқыраудан елді де.

Аналардың өн бойында бар асыл,

Ұлтқа қосқан үлесінде дара сыр.

Қазағымның құндылығын жаңғыртып,

Салт-дәстүрін дәріптейтін, жанашыр!

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика