MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Құрт – қазақтың қасиетті тағамы
Әннің атауы
Әннің атауы:
Құрт – қазақтың қасиетті тағамы
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№86, 10 маусым 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Көшпелі, тұрмыс салты болған жұрттың,

Пайдасы ұшан-теңіз әппақ құрттың.

Құрт деген қол еңбегі аналардың,

Жараған қажетіне біздің ұлттың.

Арнадым жастарға мен, осы әнді,

Біліңдер ем болатын тағамдарды.

Әппақ құрт қазағымның өзіне тән,

Тағам ғой, қасиетті, өте нәрлі.

 

Қайырмасы:

Әжелер сақтап жүрер немереге,

Бұл құртты ұл-қызыңа жеме деме.

Пайдасы өте зор ғой, денсаулыққа,

Мың алғыс, мұра қылған енелерге.

 

Құрт жайлы тарихы бар бұл қазақтың,

АЛЖИР де, қанша ана, шекті азап күн.

Сездірді бала-шаға, құрт лақтырып,

Келерін, аналарға бір ғажап күн!

Қазақтың құртын қалқам жатырқама,

Дәм сезер ауызына салса бала.

Кептіріп, дайындалған құртты жеумен,

Аштықтан аман қалған қанша ана!

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика