| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ермек Қожахметұлы | |||
| 2. | Ерғалым Баяхметұлы | |||
Өмір сүріп келеміз ғой шектеулі,
Біле алмай кімге қалай өлшенді.
Бұл өмірде жасырғанын айтпайды,
Білетінім біз өмірдің бөлшегі,
Бөлшек болып өмір сүрдік өлшемді.
Сан сұраққа жауап іздеп шаршаймыз,
Шаршасақ та жақсы дүние аңсаймыз.
Аңсағаның алданыш боп қалса да,
Біз бәрібір бұл өмірді таңдаймыз,
Әй адамдар біз өзіміз қандаймыз.
Өмір қатал неге бізді шектейді,
Беретінің неге ешкімге жетпейді.
Әй, өмір-ай береріңді мол ғып бер,
О дүниеге ешкім алып кетпейді,
О дүниеге ешкім алып кетпейді.
Сан алуан өмірлерге куәміз,
Бірде мықты бірде неге сынамыз.
Бар мен жоқтың арасында жүгіріп,
Тау мен тасқа басты неге ұрамыз,
Әй, өмір-ай қандай біздің күнәміз,
Жолыңда көп жасыратын біздерден,
Адасамыз кейде бізде іздерден.
Жолын тауып шығып алсақ биікке,
Жылы қабақ көре алмаймыз жүздерден,
Неге бізді сақтамайсың тіл-көзден.
Әй, өмір-ай жауап берші сұраққа,
Біздің өмір жауап па әлде сұрақ па.
Сен силаған өмір бәлкім адамға,
Сан сұраққа жауап іздер тұрақ па,
Жалған өмір жауап берші сұраққа.