| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Алтыншаш Жақиянова | |||
| 2. | Мәриям Айғалиқызы | |||
Қос рельс – жалғастырған ағысты,
Оң мен солды, шығыс пенен батысты.
Онда істеген жұмысшылар ешқашан,
Жұмысына қарамайды атүсті.
Қайырмасы:
Жол бойының күзетшісі, сақшысы,
Кейде олардың көрінбейді жақсы ісі.
Болттарын бекітеді, жөндейді,
Шпалдарын ауыстыру да – басты ісі.
Еңбекқорлық, жауапкерлік көздеген,
Қақаған, қыс, жауын-шашын кезде де.
Ми қайнатар аптап ыстық шілде де,
Мойындарын бұра алмайды өзгеге.
Қайырмасы
Күтім жасап, рельсті майлайды,
Жұмысынан бір сәтке де қалмайды.
Мемлекеттің нағыз күре тамыры,
Темір жолдар елмен елді жалғайды.
Қайырмасы