| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марияш Қапизқызы | |||
Ақ шылауыш, кимешек басындағы,
Бүрме көйлек, бешпеті қына белді.
Жұмақ гүлдей құлпырған көктемдегі,
Таңырқатқан әлемде барлық елді,
Ол – ақ әже, әжелерім.
Қайырмасы:
Ол ақ әже, ұлтымның ұлағатты,
Ақ анасы ибалы, инабатты.
Ғұрпымыздың шырағын өшірмейтін,
Ұрпақтарға өнеге ескірмейтін,
Асыл ана, ақ әжелер, айналайын.
Арына адал, парасатты ұлылығы,
Ақ әжелер бастаған көшін көрем.
Құндылығын жеткізген осы күнге,
Ұлтымыздың тарихын өшірмеген,
Ол – ақ әже, әжелерім.
Қайырмасы