| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марияш Қапизқызы | |||
Аялап, сүйген жарым деп,
Бақытым, маңдай бағым деп,
Тағдырды шербет, шекер ғып,
Сыйладың бақыт таңын көп.
Қайырмасы:
Жауратпай, суық күндерге,
Жолатпай дұшпан іргеме.
Қорғаным болдың сенімді,
Бағыңда жүрдім, гүлдене.
Ақ пенен қара өмірде,
Бақ пенен нала көңілде.
Болсада да қатал тағдыр көп,
Көтердік бірге бәрін де,
Көтердік бірге бәрін де.
Жанарың нұрлы көктемдей,
Қарайтын бір сәт шоқ сөнбей.
Ерекше, сезім сыйлаған,
Ардағым, адам жоқ сендей.
Қайырмасы
Тарқамай бақыт-базарым,
Гүлденген нұрлы-ажарым.
Ризамын саған өмірде,
Тәңірім қосқан жанжарым.
Қайырмасы