MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Күлкісінде күннің нұры
Әннің атауы
Әннің атауы:
Күлкісінде күннің нұры
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№87, 7 тамыз 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Айжан Имантаева
2.Марияш Қапизқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Әннің бейнебаяны
Ән мәтіні

Әйел жаны тұнып тұрған ақ арман,

Мейіріммен ізгіліктен жаралған.

Күлкісінде күннің нұры бар оның,

Жер бетіне шуақ болып таралған.

 

Қайырмасы:

Әйел жоқта таңда күліп атпайды,

Әйел сені оттан, судан сақтайды.

Әйел құйған қара шай да бал татыр,

Ал әйелсіз балдың өзі батпайды.

 

Ақ жүзінен арайлы нұр төгіліп,

Тұратұғын кер маралдай керіліп.

Әдемі әйел бір қараса, кетеді,

Қыстың өзі көктем болып көрініп.

 

Қайырмасы

 

Жылылыққа тұнып тұрған жүрегі,

Әйел деген – тіршіліктің тірегі.

Әйел ғана тағдырыңа тұтқа боп,

Әйел ғана бақыт сыйлай біледі!

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика