| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марияш Қапизқызы | |||
Жас сарбазым!
Отаныңды қорғай біл,
Аман сақта, Ұлы қазақ даласын.
Хас қырандай қанатыңды қомдай жүр,
Әлем сезсін жаужүрек ел баласын.
Қайырмасы:
Отан – анаң, алтын ұя мекенің,
Жоғалтпаған тектіліктің асылын.
Желтоқсанның ызғарлы жел кеселін,
Жеңді сенің өзіңдей жас батырым.
Қорға сарбаз!
Көк туыңды арыңмен,
Онда Ләззәт, Қайраттардың жасы бар.
Отан үшін отты кешкен жалынмен,
Сабира, Ербол ел табынар жасындар.
Қайырмасы
Сақта әркез көкбөрідей арыңды,
Қанатыңмен қыран көкке самғап-ақ.
Отан үшін аянбаған жаныңды,
Үлгі етсін рухты алған бар қазақ.
Қайырмасы