| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Марита Қабижанқызы | |||
СССР-дің әділетсіз қоғамы,
Қанша жастың, пәк өмірін тонады.
Қол шоқпар ғып айдап салды, Ауғанға,
Бұл жағдайға, не айтуға болады?
Қорғау үшін қызмет қылып өз елін,
Жанын қиса түсінер ек, дерегін.
Қаншама жас Ауғанстан жерінде,
Сұм соғыста, алды ажалдың кезегін.
Қайырмасы:
Айдауында кетті елдің танымас,
Сұрапылға болса дағы жаны қас.
Сұрауы жоқ, іздеуі жоқ жандардай,
Жанын қиды, тектен-текке қанша жас!?
Әке-анасы қайғы жұтты түнеріп,
Шындық айтар болды дерсің кімде, ерік?
Неге біздер, болдық екен жігерсіз,
Қайсар ұлды сол соғысқа жіберіп...
Қайран бауыр, ажал құшқан, арыстар!
Ер едіңдер, жүрегінде намыс бар.
Амалы жоқ, майдандастар оралған,
Еске алып, құран ғана бағыштар!
Қайырмасы