MediaStar.kz
Қазақ әндерінің деректер қоры
Жүйеге кіру
Электронды пошта:
Құпиясөз:

Құпиясөзді ұмытып қалдым

Тіркелу










Басы » Барлық әндердің жалпы тізімі » Жан бауырым, жанашырым, сен едің
Әннің атауы
Әннің атауы:
Жан бауырым, жанашырым, сен едің
Топтама нөмірі және әннің деректер қорына тіркелген күні:
№88, 10 қыркүйек 2026 жыл

Әннің тақырыбы:

Авторлар тізімі:
Авторлар тізімі Авторлықтың түрі
Сөзінің авторы Музыкасының авторы
1 2 3 4
1.Марита Қабижанқызы
2.Рашида Лұқпанқызы
«
»
Ән орындаушыларының тізімі
Жүктеу
Ән мәтіні

Айналды ма жұмақ, жайлы мекенге,

Қоштаса алмай қалдым аға кетерде.

Сағынышпен бағыштаған дұғамның,

Үні саған ағатайым жетер ме?

Өзің барда тыныш еді жүрегім,

Әрқашанда, болдың менің тірегім.

Кеттің алыс, ажалға жоқ араша,

Жан бауырым, жанашырым, сен едің.

 

Қайырмасы:

Отбасының өзгерсе де жүйесі,

Жан ағамның биік тұрар киесі.

Азаматы едің үлкен әулеттің,

Әкеміздің шаңырағының иесі.

 

Сағынышымды, саған деген, расымен,

Осылайша, өлең жазып басып ем.

Қош айтысып, сақтап қалдым бейнеңді,

Жанарымның моншақтаған жасымен.

Өлең жаздым құлазытып жанымды,

Қайғы жұтып атырамын таңымды.

Құшақ жайып қарсы алушы ең келгенде,

Қарындасың, аға өзіңді сағынды.

 

Қайырмасы

 

Advert's photo
Ақпарат демеушісі:
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні
Advert's photo
Сіздің жарнамаңыздың мәтіні

Ақпаратпен бөлісу
Әлеуметтік желілерде осы ақпаратпен бөлісу:

Пайдаланушылар пікірлерінің тізімі

Пікір қосу үшін жүйеге кіріңіз немесе біздің сайтымызға тіркеліңіз

Бұл әнге әлі ешкім пікір қалдырған жоқ. Бірінші болыңыз!










©2021 - 2026 MediaStar.kz – қазақ әндерінің деректер қоры
Барлық құқықтар сақталған!

Яндекс.Метрика