| № | Авторлар тізімі | Авторлықтың түрі | ||
| Сөзінің авторы | Музыкасының авторы | |||
| 1 | 2 | 3 | 4 | |
| 1. | Ардақ Игенова | |||
Куә болған нәзік талғам кешіне,
Сағым болған жастық шағым есімде.
Табындырған бұл махаббат болмаса,
Кезікпес ек мына өмір көшінде.
Қайырмасы:
Ақ таңдармен арайланған жастығым,
Ажарыңнан айды көрдім, бақ гүлім.
Тұмар қылып жазып алдым жүрекке,
Есіміңді асыл жарым, шаттығым.
Ертегі әлем орын беріп төрінен,
Сұлу жүзің хор қызындай көрінген.
Қос аққудай көк жүзінде қалықтап,
Жүрек сыры шертілген пәк көңілден.
Қайырмасы
Балдай гұмыр өтіп жатыр өзіңмен,
Сырыңды ұқтым мөлдір қара көзіңнен.
Сабырыңның сабағында жайқалып,
Ләззат алдым, жылы лебіз сөзіңнен.
Қайырмасы